ЖОБА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

        ҚР заңнамасына сәйкес, мәдениет дегеніміз адамзатпен жасалған, әрі жасалатын және жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, патриотизмді тәрбиелеуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығынан басқа ештеңе де емес.
        Мәдени құндылықтардың заттандырылған көрінісі әртүрлі тарихи кезеңдермен салыстырылатын, сәулет өнері, археология ескерткіштері, сондай-ақ қолданбалы немесе көркемдік тағайындалған артефакттар түрінде бізге дейін келіп жеткен рухани және материалдық мәдениет заттары болып табылады. Мәдени мұра ескерткіштерін сақтау, басқару және назарға ұсыну оларды танымал ету мен халықтың барлық топтарын өз халқының тарихына тартудың негізі болып саналады.
        Бұл мақсатта бірнеше тәсіл пайдаланылады. Олардың бірі – бұл ескерткіштерді олардың виртуалды модельдерін жасап, оларды жалпыға қолжетімді сайттар арқылы кең жұртшылыққа көрсету және ескерткіштерге олжалардың виртуалды жинақтарымен мұражайлар жасау және бұл технологияларды жұмыс істеп тұрған мұражайларға енгізу жолымен сақтау.
       Бұл әдістің өзектілігі жұртшылыққа қолжетімді емес,  немесе ірі мұражайларда орналасқан олжалардың көптігі  болып табылады, бұл оларға көптеген адамдардың қолжетімділігін қиындатады. Олжалар мен ескерткіштерге жылдам және бөгетсіз қол жеткізіле алуы үшін жағдайлар жасау қажет.
            Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған материалдарды көрсетудің толып жатқан тәсілдері бар.
        Мәліметтерді көрсетудің негізгі 2 түрін ажыратып жатады:
    1. Виртуалды (онлайн платформалар, голография және т.б.)
    2. Материалдық (3-өлшемді басылым, қалпына келтіру)
           Осыған байланысты, ақпаратты кең қауыммен бөлісуге мүмкіндік беретін онлайн платформалар үлкен танымалдылыққа ие бола бастады. Мәліметтердің сипатына қарай картографияға бейім онлайн платформалар, 3-өлшемді модельдер, әлеуметтік желілерді, хостингтерді пайдалану, сондай-ақ оның гиперсілтемелер арқылы басқа да онлайн ресурстармен байланысу  мүмкіндігі бар өз сайтын жасау бөліп көрсетіледі.
            Бұл әдістемелік тәсіл олжалар мен ескерткіштерге жылдам және бөгетсіз қолжетімділік үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Виртуалды мұражайлардың әдеттегі келушілері үшін әртүрлі елдерде орналасқан орасан көп жәдігерлерге қолжетімділік мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ объектілерді зерделеудің виртуалды тәсілі  қосарлас ақпаратты алу және тарихи-мәдени мұра объектілерін егжей-тегжейлі қарап шығу есебінен неғұрлым ақпаратты болып табылады, бұл бұған қоса, мұражайлар үшін мүлдем қауіпсіз.
            Сіздердің алдарыңызда пайдаланушылардың кең қауымына қолжетімді, Қызылорда облысының 3-өлшемді  интерактивті картасы бар бірегей өнім тұр.
            Жоба шеңберінде  виртуалды ландшафт пен онда орналасқан, қасиетті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің 3-өлшемді модельдері, сондай-ақ олардың панорамалық бейнелері мен бұл ескерткіштерге қатысты жекелеген жылжытылатын модельдердің 3-өлшемді модельдері жасалды.
           Зерттелген тарих және мәдениет ескерткіштерімен байланысты архивтік және этнографиялық материалдарды қамтыған, мәліметтердің ақпараттық базасы дайындалды.
        Ескеркіштердің барлық 3-өлшемді модельдері мен олармен байланысты ақпараттық блоктар онлайн платформада орналастырылған, оның көмегімен пайдаланушы ескерткіш тарихы туралы ақпарат алу, бейне/фото материалдарды қарап шығу, оны онлайн режимде 3-өлшемді шынайы түрінде зерделеу, әлеуметтік желілерде басқа да пайдаланушылармен ақпарат бөлісу мүмкіндігіне ие болады, бұл осы тақырыпты танымал етуге көмектеседі.

    ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ МЫНАДАЙ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР ПАЙДАЛАНЫЛДЫ:

     

    Sketchfab онлайн платформасы

    ArcGIS Online онлайн платформасы

    3-өлшемді модельдер жасау бойынша  Agisoft Photoscan  БҚ

     logo sketchfab grey

    ArcGIS Online Logo PhotoScan logo

     

    © Сайтты «Археологиялық сараптама» компаниясы әзірледі

    Жоба жетекшісі - Дмитрий Воякин

     

    «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 120001, Қызылорда қаласы, 3-ірілендірілген квартал, н/з Тел:8(7242)27-86-84, 8(7242)26-41-93 Жұмыс уақыты: 9:00 – 19:00, түскі үзіліс: 13:00 – 15:00: Электрондық пошта:ohranakzl@mail.ru

    Please publish modules in offcanvas position.