previous arrow
    next arrow
    Slider
    Slider

    Сығанақ қалашығы


    ОБЪЕКТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

     

    DJI 0394

    Сығанақ қалашығы - VI - IX ғасырлар

    Сығанақ қалашығы Түмен-арық теміржол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым, қазіргі трассасының Түркістан – Қызылорда тас жолының оң жағында 1,5 шақырым жерде орналасқан.

    Географиялық координаттары: 42 T 336322 4892475


    Сығанақ қаласы алғашқы рет Х ғасырдағы көздерде айтылады, ал XI ғасырда Махмұт Қашқари оны оғыз қалаларының қатарында атап өткен. XII ғасырда Сығанақ қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болып, XIII ғасырдың басына дейін солай тұрады. 13 ғасыр тарихшысы Джувейнидің 1220 жылы моңғолдардың қаланы талқандауына берген сипаттамасы бар. Қиратылып тастағанына қарамастан қала қайта салынған, ал ХІІІ ғасырдың ортасында Сығанақ армян патшасы Гетумның бағыттарында аталған. Бірте-бірте қала Сырдариядағы ірі саяси және экономикалық орталығы айналады. XIII ғасырда Сығанақ Ақ-Орданың астанасына айналады; ол жерде мешіттер, моншалар, басқа да қоғамдық ғимараттар салынады. Ұлы Жібек жолының жанданған жолында орналасқан қала, XVI ғасырға дейін сауда мен қолөнердің арқасында өркендей берді. Сырдария маңындағы өзге қалалар секілді Сығанақ та XV-XVI ғасырларда Орта Азия мемлекеттерінің билеушілері мен қазақ хандары арасындағы қиян-кескі шайқастың алаңына айналды. Рузбиханға сәйкес, XVI ғасырдың басында Сығанақ қатты құлдырау үстінде болды – тұрғындар санының қысқаруы байқалды, ал ертеректе ол «гүлденген, үлкен құрылыстармен және өңделген алқаптармен қоршалған, алуантүрлі өнімдерге бай болған және қазақ халқы үшін сауда пункті болып табылған. Түркістан, Мауреаннахр облыстарының және Шығыстан Қашқар, Хотан шегіне дейінгі жерлердің көпестері Сығанаққа сол елдердің тауарларын әкеліп, Дешті адамдарымен сауда мәмілелерін және айырбас жасайды. Ол уақытта Сығанақ сәулет ескерткіштерімен және ең алдымен Көк-Кесене кесенесімен танымал болды. Сырдарияның көптеген басқа қалалары секілді бұл қала да XIX ғасырдың ортасында мүлдем қаңырап бос қалды


    DJI 0446

    Сығанақ қаласы өз заманында мәдениеті өркендеген, өнері өрістеген ірі ру­хани білім орталықтарының бірі болды. Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі туындылардың бірі  ̶  «Хұсрау мен Шырын» поэмасы (авторы: Құтб шайыр)осы Сығанақ шаһарында жазылды. Сондай-ақ,  деректерде шығармалары шығыстық ақыл-ой жауһарлары санатында аталатын дарынды ғұлама Һисамиддин Сығнақидің осы қалада дүниеге келгендігі айтылады.

    ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Ақ Орда ханы Орыс хан Сығанақта хан сарайын салдырады. Шайбани ханның жылнамашысы Фазлаллах ибн-Рузбихан Исфахани  өзінің «Михман-наме Бухара» атты еңбегінде Дешті даласының атақты хандарының сүйектері Сығанақта жерленіп, қабірінің үстіне кесене тұрғызылғандығын анықтап жазған. Сығанақ қаласы туралы дерек қалдырған А.Ю. Якубовский еңбектерінде жазылғандай Сығанақ базарында Қытай мен Шығыс Түркістаннан, Еуропа мен Кіші Азиядан ірі сауда керуендері жүріп отырады. Тарихшы Мойын ат-дин Натанзидың жазбаларында Ақ Орда хандарының бірі Ерзен Сығанақта көптеген әсем, зәулім ғимараттар салдырған. Археологтардың зерттеуінің нәтижесінде Сығанақтың теңге сарайында XIV ғасырда Ақ Орданы билеген Орыс хан мен Тоқтамыс хандардың есімдері бейнеленген теңге-ақшалар табылып отыр. Сығанақ қалашығы одан соң Қазақ хандығының нығаюына қызмет жасады. Қасым хан тұсында қазақ халқының саны бір миллионға жетті деген деректің кездесуінің өзі қазақ хандығының Сығанақ секілді Сыр бойындағы қалаларды бағындыруымен байланыстырылады. Қанша кезең өтсе де Сығанақ қаласы туралы тарихи деректер маңызын жойған емес. Сығанақ қаласын бүгінгі таңда археолог ғалымдар зерттеп, тарихын қайта саралап жатқандығын айта кетуіміз керек. Сығанақ қаласы қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі жерлердің бірі. Қазақ халқының ұлт болып сақталуында қанша қала жойылып, қанша қалалар гүлденді. Сондықтанда бұл қаланы қазақ халқы әрдайым жадынан шығарған емес.


    DJI 0872Жазба-әңгімелер бойынша:

    Әбілғазының жазбаларында: «Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналасқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты» деп жазылған.

    Әбілғазы баһадүр деректерінде айтылғандай, Сығанақ қаласы Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханмен бес күн шайқасқан қалалардың бірі. Ол туралы халық арасында «Сығанақ апаты» деген атпен әлі күнге естелік әңгімелер сақталған. Бұл әңгіме желісі ортағасырлық жазбаларда да жолығады. Әңгіме желісінде: Жошы хан Сығанақ шахарына келгенде Сығанақ халқы қамалға кіріп ұрысқа дайындалады. Сонда Жошы хан Хасан деген мұсылман қажыны салық алу үшін насихат жұмыстарымен шахарға жібереді. Қамал ішіндегілер алым салық төлеп тұруға келіспей Хасан қажыны өлтіреді. Бұл әрекетті естіген Жошыхан қаланы қоршауға бұйрық береді. Осылайша Сығанақ қаласы Жошыхан қоршауынан соң отқа оранып, қала жеңіліске ұшырады. Ал Жошы хан болса одан әрі Сыр бойындағы Асанас, Жент қаласына жүріп кетті деп баяндалады. Тарихшы Зардыхан Қинаятұлының пікірінше, «Сығанақ» атауы түрікшеден аударғанда «қамал, қорған» деген мағына береді. Қала 982 жылы түзілген «Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары» атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен алғаш белгілі болды. ХІІ-ХІІІ ғасырларды өмір сүрген Хиссамуддин әл-Сығанақидың «Болса Тәңірім екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жұмар ем қиналмай" деген жыр жолдары Сығанақ қаласының сол дәуірде гүлденген, дамыған қала екендігін дәлелдеп тұрғандай. Үзінді келтірілген жырда қаланың атақты екендігі, бұл жерден Дешті Қыпшаққа қарай жол болғандығы, одан қалаға қымбат бағалы бұйымдар келетіндігі, не келсе де алдымен осы қалаға келетіндігі жырланады. Ал, қаланың Түркістан қаласы мен Дешті Қыпшақ арасында орналасқан, шекаралық қала екендігі, тұрғындарының тыныштықта қауіпсіз бейбіт өмір сүріп жатқандығы суреттеледі. Қала ғұлама ғалымдар тұратын ғылым ордасы еді деп Хисамуддин армандайды. Сонымен бірге, ғалымның қалада мешіт-медреселер салдырып, діни ғылым-білімге таратқаны туралы да айтады.

    Зерттелуі: ХІХ-ХХ ғасырларда қала орнын алғаш П.И.Лерх, Е.А.Смирнов, В.А.Каллаур, т.б. орыс ғалымдары зерттеді. Өткен ғасырдың 70- жылдары К.Ақышев, К.Байпақов сынды отандық археологтар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Сығанақтың Дешті-Қыпшақ даласындағы Отырардан кейінгі атақты екінші қала саналатындығы жөнінде ғылыми тұжырым жасаған.

    Қалашыққа кешенді қазба жұмыстары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталып, 2003-2013 жылдары аралығында республикалық бюджет есебінен жүргізілді. Бұл жылдары қаланың маңызды деген нысандары: солтүстік-шығыс қақпасы, қорғаныс қабырғалары, метіш-медресе және жерлеу орындары ашылды. Ашылған құрылыс орындарына реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ қалашығында туризмді кеңінен дамыту мақсатында  2018-2020 жылдары оны зертеуге, қайтажаңғыртуға, музейлендіруге бағытталған кешенді жұмыстар аясында 2018 жылы қалашықтың солтүстік шығыс қақпасына, қорғаныс қабырғаларына, орталық көшесіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

    Археологиялық және қайтажаңғырту жұмыстар алдағы жылдары жалғастырылатын  болады. Сығанақ қалашығы бүгінде ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Республикамыздың «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енген. Қалашықтың қорғау аймағы – 309,6 гектар, қорғалатын табиғат ландшафты аймағы – 739,6 гектарды құрайды. 2018 жылы қалашықтың аумағы қоршалды және инфрақұрылымы толық жасақталған. Сондай-ақ, қаланың мәдениеті мен тарихын сипаттайтын стела орнатылды. Стеланың биіктігі 8 метр, тұтас граниттен қашалып жасалған. Авторы: Қ. Сатыбалдин. Қаланың кіре-беріс қақпасының алдына жаңартылған қорғау тақтасы, толық ақпарат алу үшін «QR-код» тақтайшасы және ақпараттық стенд орнатылды.

     

     

    ТОПОГРАФИЧЕСКИЙ ПЛАН

    14 topo web

     


    3dmodel
    border top
    border left border right
    border bottom
    border top
    border left border right
    border bottom
    border top
    border left border right
    border bottom
    border top
    border left border right
    border bottom
    border top
    border left border right
    border bottom
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    reconstruction
    border top
    border left border right
    border bottom
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    panorama
    border top
    border left border right
    border bottom

     

    videooblet
    border top
    border left
    border right
    border bottom
    border top
    border left
    border right
    border bottom

     

    reconstruction video
    border top
    border left
    border right
    border bottom

     

    Joomla Plugins
    «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 120001, Қызылорда қаласы, 3-ірілендірілген квартал, н/з Тел:8(7242)27-86-84, 8(7242)26-41-93 Жұмыс уақыты: 9:00 – 19:00, түскі үзіліс: 13:00 – 15:00: Электрондық пошта:ohranakzl@mail.ru

    Please publish modules in offcanvas position.